RU

Астана қаласының әкімі «Астана ЭКСПО - 2017» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы болып тағайындалды

Астана қаласының әкімі Әділбек Рыскелдіұлы Жақсыбеков «Астана ЭКСПО - 2017» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

"Мемлекет Басшысының Өкімімен Астана қаласының әкімі Әділбек Рыскелдіұлы Жақсыбеков «Астана ЭКСПО – 2017» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды", - делінген Ақорда сайтының хабарламасында.

Сонымен қатар президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Өкімімен Талғат Амангелдіұлы Ермегияев «Астана ЭКСПО - 2017» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы қызметінен босатылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/785248-astana-qalasynynh-akimi-astana-ekspo-2.html