Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БАҚ: "Астана Экспо-2017"-де ауқымды тексеріс басталды

Опубликовано:

"Астана Экспо-2017" ұлттық компаниясында жемқорлыққа қарсы заңнама аясында ірі тексеріс басталды деп мәлімдеді Астанадағы ҚазТАГ дереккөзі.

"Астана Экспо-2017" ұлттық компаниясында бюджет қаражатын пайдалану мен құрылысқа инвесторлар ақшасын тарту жұмыстары бойынша ірі тексеріс басталды. Жемқорлыққа қарсы заңнама тексерісті жобаны ұсынудан бастап, құрылысты толық бітіргенге дейін кез-келген уақытта жүргізуге рұқсат етеді. Құрылыс департаментінің бұрынғы директоры Үсеновті құрықтау мен кеше (11 маусымда – ҚазТАГ) Ермегияевті қызметінен босату бұл тек басы ғана, ең сорақысы әлі алда...", - деп сендірді дереккөз.

Оның ойынша, тексерістен бәрі өтеді: тендерлерді ұйымдастыру кезінде тәртіпті сақтау, қандай да бір жұмыстарды жүргізу кезінде лицензияның болуы, техникалық тұрғыдан сәйкес келу, білікті мамандардың болуы, қолданылатын материалдардың құны мен қызметті төлеу. Басты назар қаражатты қолма-қол қылу және ұйымдар мен кәсіпорындардың тұлғаларға үлестес болуын тексеруге аударылмақ.

Еске салсақ, жақында Астанада "Астана Экспо-2017" құрылысы департаментінің бұрынғы директоры Қажымұрат Үсенов қамауға алынғаны хабарланған болатын. Ал Қазақстан президентінің бұйрығымен Талғат Ермегияев ұлттық компания басқармасының төрағасы қызметінен босатылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/785580-baq-astana-ekspo-2017-de-iri-tekseris-bast/

pixel