RU

Бас мүфти Қазақстан мұсылмандарын Рамазан айында жаман әрекеттерге жоламауға шақырды

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Қазақстан мұсылмандарын Рамазан айының басталуымен құттықтады.

«Сіздерді қасиетті Рамазан айының аяқ басуымен құттықтаймын! Құт-береке мен күнәларды кешіруге толы Рамазан барлық айдың сұлтаны саналады», - деді Ержан Малғажыұлы жұма күні баспасөз мәслихатында.

Осы ретте ол иман келтіргендерді қайырымдылық танытып, жаман әрекеттерге жоламауға шақырды.

«Біздің бәріміз бір-бірімізге махаббат, шыдамдылық, мейірімділік, рақымдылық, өзара көмек және қолдау танытуға тиіспіз. Иманы күшейісімен адам жаман істерден көбірек қашқақтайтын болады. Сіздердің Алланың разылығына ұмтылуға шақырамын, өз ішкі дүниеңізді тазартуға асығыңыздар, бұл қасиетті айда күнәлі әрекеттерге жоламаңыздар!», - деп атап өтті Малғажыұлы.

Одан бөлек, Ержан Малғажыұлы «тыныштық, рақым, өзара көмек, шынайы иман салтанат құрған қоғамға сәттілік пен жарқын болашақ әрқашан серік болатынын» баса айтты.

2015 жылы Рамазан 17-сінен 18 маусымға қараған түні кіреді. Малғажыұлының айтуынша, пітір садақа биыл 200 теңгені құрайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/785904-bas-mufti-qazaqstan-musylmandaryn-ra.html