RU

Шымкентте екі қабатты автобус пайда болды

Шымкентте алғаш рет балалар мен қонақтарды, саяхатшыларды таситын екі қабатты екі автобус пайда болды.

Ашық аспан астында серуендегенді қалайтындар үшін билет құны — 500 теңге. Балалар үшін  - 400 теңге.  Мереке күндері жеңілдіктер қарастырылған. Ұлыбританиядан әкелінген 40 орындық қоғамдық көлік енді арнайы белгіленген кесте бойынша жұмыс жасайды.

"Біздің қаламыз үлкен мегаполиске айналып келеді. Күн сайын түрлі әдемі ғимараттар, нысандар бой көтеруде. Ал біздің мақсатамыз қала тұрғындары қаламыздың әсем жерлерін тамашаласа, білсе екен дейміз", - дейді  қала әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай.

Шараны ұйымдастыруды қала әкімдігі, ОҚО кәсіпкерлік индустриалды-инновациялық және туризм басқармасы мен «Жібек жолы» туристік компаниясы өз мойнына алыпты.

Туристік автобус балалардың жазғы демалысын ұйымдастырып, ішкі туризмді дамытуға, оны насихаттауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар шаһарымыздағы демалыс орындары мен саябақтар, аллеялар мен әкімшілік-іскерлік орталықтарын тамашалау арқылы қаламыз туралы тереңірек білуге болады.

 

Автобуста арнайы гидтер жұмыс жасайды. Жақын күндері аудиогид іске қосылмақ. Сонымен қатар алдағы уақытта Түркістан қаласына саяхат ұйымдастыру да жоспарланып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/785971-shymkentte-eki-qabatty-avtobus-payda-b.html