RU

Нұртас Адамбаев ауылдан қашқысы келетіндерге арнап жаңа фильм түсіріп жатыр

«Ауылдан қашу» хикаясының бірнеше маусымын түсірген режиссер, актер Нұртас Адамбаев биыл сол телехикаяның жалғасы ретінде толық метражды фильм түсіріп жатыр.

Көптің сұрауымен Нұртас мырза түсіріліп жатқан «Ауылдан қашу. Махаббат операциясы» фильмін осы бастан жарнамалауға көшкен сияқты деп жазады Comode.kz.

Себебі, түсірілім кезіндегі бірнеше кадрларды инстаграм желісіне салып үлгеріпті. Ал басты рөлдерде сол баяғы актерлардың тізімі қайталанатын болады. Бірақ, басты әйелдің рөлін жұрт күткен Айнұр Ілиясова емес Аружан Жазылбекова сомдайтын болады.

Бұл ақпаратты  Адамбаев өзі мәлімдеген болатын. Романтикаға толы комедияның тұсаукесері күзде болып, кинотеатрлардан көрсетілетін болады.

«Келін Сабина» фильміне 300 мың доллар жұмсаған Нұртас бұл жолы одан да көбірек ақша жұмсайтынын айтқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/786041-nurtas-adambaev-auyldan-qashqysy-kele.html