RU

Ақтау әуежайында 46 жастағы әйел көз жұмды

Ақтау халықаралық әуежайында 11 маусым күні кешкіcін 46 жастағы әйел көз жұмды. Жедел жәрдемнің мәліметіне сәйкес, әйел 4 дәрежелі бауыр циррозымен сырқат болған.

Жедел жәрдем қызметкерлерінің айтуынша, 11 маусымның кешкі сағат 20:00 уақытында диспетчерлерге Ақтау-Баку рейсіндегі жолаушының денсаулығы күрт нашарлағаны туралы хабар жеткен. Әйелді медициналық көрсеткіштерден кейін ұшаққа кіргізбей қойған. Жедел жәрдем келіп жеткенше әйел сол жерде қаза болған.

"Көз жұмған әйел (Ақтаудағы 3"Б" ықшамауданының тұрғыны) онкологиялық аурумен сырқаттанған. Ондайларға ұшуға мүлдем тыйым салынған. Соған қарамастан, әйел туған жеріне ұшып кетуге тырысқан болуы керек. Оны әуежай қызметкерлері ұшаққа отыруға жібермеді. Ұшақ сағат 20:30-да ұшып кетті. 8 минуттан кейін әйел тұрған жерінде көз жұмған", - деп түсіндірді жедел жәрдем қызметкерлері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/786072-aqtau-auezhayynda-46-zhastaghy-ayel-koz-zhum.html