RU

Көкшетауда пәтеріне есірткі еккен нашақор ұсталды

Көкшетауда пәтерін есірткі егетін орынға айналдырған нашақор ұсталды. Тіпті оны түрлі шөп қоспаларын пайдаланып, өзі дайындап отырған деп хабарлайды КТК арнасы.

37 жастағы азаматтың өзі 18 жылдан бері есірткіге тәуелді ретінде тіркеуде екен. Көпқабатты үйдегі пәтердің бірі нашақорлардың медициналық пункті сияқты қызмет атқарған. Иесі небір есірткі түрлерін қолдан дайындапты.

Осы пәтерді жағалап, қожайынның қызметін пайдаланатындар да көбейген. Арзан «тауарға» құмартқандар есірткінің жалғыз инемен бірнеше адамға егіліп жатқанына да назар аудармаған көрінеді.

"Есірткіге тәуелді әрбір адам оған қоспаларды әкеп беріп отырған. Сірке суы, жанармай және түрлі препараттармен қамтамасыз еткен. Әлгі азамат ол қоспалардан есірткі жасаудың шбері екен", - дейді Ақмола облыстық ІІД басқарма бастығы Бауыржан Дәукенов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/786637-kokshetauda-paterine-esirtki-ekken-na.html