RU

Серік Ахметовтің үйқамақ мерзімі 18-ші шілдеге дейін ұзартылды

Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық сотының шешімімен Серік Нығметұлы Ахметовтің үйқамақ мерзімі 18-ші шілдеге дейін ұзартылды.

Серік Ахметов Қылмыстық кодекстің 176-бабының 4-бөлігі «б» тармағы (сеніп тапсырылған мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету), 311-бабы 5-бөлігі (пара алу), 307-бабы 4-бөлігі (қызмет өкілеттігін теріс пайдалану), 310-бабы 3-бөлігінде (кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу) бойынша айыпталып отыр.

Аталған соттың 2015 жылғы 12 маусымдағы қаулысымен өтініш хат қанағаттандырылды. Серік Ахметовті үйқамақта ұстау мерзімі 2015 жылғы шілденің 18-і күні сағат 23:00-ге дейін ұзартылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ, деп хабарлайды Қарағанды облыстық сотының баспасөз орталығы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/786756-serik-akhmetovtinh-uyqamaq-merzimi-18-shi-sh.html