RU

Үнділік азамат ягуарды сипамақ болып, оның торына кірді (видео)

Үндістанда Хайдарабад қаласындағы хайуанаттар бағында 26 жастағы брокер Ариб Такса Медхди жыртқыш аңды қараушының қалтасын майлап, теңбілшердің (ягуар) торына кірген.

Ол тек жыртқышты сипап көрмек болған. Хайуанаттар бағында түсірілген видеоны "Фейсбуке" салған ер адамды полиция тұтқынға алды, деп хабарлайды CNN.

Видео "Фейсбукте" жарияланғаннан кейін Медхди «хайуанаттар бағынан заңсыз кірмек болған кез келген жанға көмектесуге әзірмін» деп жазған. Артынша ол тұтқынға алынды.

Әзірге жыртқыш аңға құмар азаматты қандай жаза күтіп тұрғаны беймәлім.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/786769-undilik-azamat-yaguardy-sipamaq-bolyp.html