RU

Нигериялық футболшы матч кезінде көз жұмды

Малайзияның T-Team клубының нигериялық футболшысы Дэвид Фарамола Ония (David Faramola Oniya) матч кезінде есінен танып, тіл тартпастан ажал құшты.

Бұл туралы Reuters мәлімдеп отыр. Қорғаушының жасы небәрі 30-да болатын.

Kelantan командасымен жолдастық кездесу 13 маусымда Кота-Бару қаласында болған еді.

Матчтың 3-минутында спортшы жерге құлап, жедел жәрдем қызметкерлері шақырылды. Өкінішке қарай, ақхалаттылар футболшының өміріне араша бола алмады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/787139-nigeriyalyq-futbolshy-match-kezinde-koz.html