RU

72 жастағы әжей университетке құжат тапсырмақшы

Алжир мемлекетінің Джельфе қаласында тұратын Фатна Сбаа есімді әжей 1943 жылы өмірге келген.

Бүгінде жасы 72-ге келгеніне қарамастан, кейуананың  студент атанып, университет табалдырығын аттағысы келеді, деп хабарлады www.muslim.kz.

Ол өзінің бұл арманы ерте ме, кеш пе, әйтеуір, орындалатынына сенімді. Қария жастық шағында мектепке бармай, сауатсыз болып өскеніне қарамастан, ұзақ жылдар бойы тіл жаттап, өзін-өзі шыңдау үстінде болған.

Фатна өзінің мақсаты емтихандарды сәтті тапсырып, Ислам факультетіне құжат өткізу екендігін айтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/787217-72-zhastaghy-azhey-universitetke-quzhat-tap.html