RU

Қазақстандық жас боксшылар Азия чемпионатынан 5 алтын медаль әкелді

Қазақстандық жас боксшылар Ташкентте өткен Азия чемпионатынан 5 алтын, 1 күміс және 5 қола медаль әкелді, деп хабарлайды BNews.kz.

Әлібек Досанов (46 кг), Дәулет Нысан (50 кг), Санатәлі Толтаев (54 кг), Абылай Ибраимов (60 кг) және Алдияр Тұрсынәлі (66 кг) Азия чемпионы атанды.

Хуршедшох Искандаров (80 кг) күміс медаль иеленді.

Қола жүлдеге Рахат Сейітжан (48 кг), Айбол Жамбырбай (63 кг), Дәулет Заушев (70 кг), Елхан Табынбай (75 кг) және Нұрдәулет Ұланұлы (+80 кг) қол жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/787683-qazaqstandyq-zhas-boksshylar-aziya-chemp.html