RU

МАГАТЭ Қазақстанда төмен байытылған уран банкін орналастыруға келісім берді

Қазақстанда Ядролық банк құру туралы халықаралық шарт 2015 жылы тамыз айында қабылданады.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен брифингте СІМ-нің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Барлыбай Садықов мәлiм еттi деп хабарлайды Қазақпарат.

Қазақстан Халықаралық агенттiгiнiң төмен байытылған уранның халықаралық банкiн құру туралы ұсыныс тастаған болатын.

«Бұл ұсыныс халықаралық қауымдастықтың кең қолдауына ие болды. Үстiмiздегi жылы 11 маусымда Халықаралық атом энергетикасы агенттiгiнiң басқарушылар кеңесi Қазақстанда төмен байытылған уран банкiн құру туралы келiсiмдi және Ресей Федерациясымен транзиттiк келiсiмдi бекiттi. Аталған келiсiмге қол қою биыл Қазақстанда тамыз айының аяғында ядролық сынақтарға iс-қимылдық халықаралық күнi қарсаңында агенттiктiң бас директоры Юкио Аманоның қатысуымен жоспарлануда. Банкке қатысты халықаралық атом энергиясы агенттiгiмен келiссөздер Қазақстанның барлық мүдделi мемлекеттiк органдарымен бiрлесе 4 жыл бойы жүргiзiлдi», - дедi ол.

Оның сөзiне қарағанда, Банк Өскеменде Үлбi металлургиялық зауыты аумағында орналасады. Байытылған уран МАГАТЭ-ге қарайтын болады. Банктiң құрылуы барша әлемде уранды бейбiт мақсатта қолдануға мүмкiндiк бередi.

«Материалдар толығымен МАГАТЭ-нiң иелiгi деп саналатын болады. Банк Өскеменде Үлбi металлургиялық зауыты аумағында орналасады. МАГАТЭ бұл орынды жәйдан жәй таңдаған жоқ. Мұнда тиiстi технологиялар мен бiлiктi мамандар бар. Ядролық материалды қолданудың мол тәжiрибесi де жоқ емес. Қаржыландыру 150 млн долларды құрайды. Оған ерiктi түрде бiрқатар елдер қаржы қосады. МАГАТЭ-ға аталмыш сома төленiп қойған. АҚШ - 49,5 млн, Еуропалық одақ - 25 млн еуро, Кувейт пен БАӘ - 10 млн доллардан, Норвегия Үкiметi - 5 млн, сонымен қатар ядролық қауiпке қарсы күрес халықаралық қоры 50 млн доллар бөлдi. Қазақстан көп шығын шығармайды, оның тек сақталуына қажеттi кететiн ұсақ шығындарды мойнына алады», - деп атап өттi ол.

Сонымен қатар Садықов Өскеменде Үлбі металлургия зауытының базасында орналастыру жоспарланған төмен байытылған уран (ТБУ) банкі  террористерге қызығушылық тудырмайды  және экологияға зиян тигізбейтінін айтты деп хабарлайды Қазақстан жаңалықтары.

«Өскеменде банктің орналасуы МАГАТЭ және Қазақстан  сарапшыларының бағалауы бойынша өңірдің экологиясы мен халқына қауіпті емес. Төмен байытылған уран радиоактивті қалдық емес, ол тартымды емес және террористерге қызығушылық тудырмайды, өйткені ядролық қару өндірісінде сәйкес технологиясыз, инфрақұрылымсыз және байытусыз пайдаланыла алмайды», — деді Садықов орталық коммуникациялар қызметінде брифингте.

«МАГАТЭ банкта сақталатын уранның иесі болады, материал МАГАТЭ-ның толық заңды иелігінде болады», — деп қосты спикер.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/787919-magate-qazaqstanda-az-bayytylghan-ura.html