RU

Қытайда 20 жастағы Қазақстан азаматшасына өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы кесілді

Дүйсенбі 15 маусым күні 20 жастағы қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбай Қытайда есірткі контрабандасы үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

Бұл туралы қазақстандық БАҚ бойжеткеннің қорғаушысы Сұңқар Нұрмағамбетовке сілтеме жасап хабарлады.

Қорғаушының мәлімдемесіне сәйкес, Гуанчжоу сотында сот шешімі белгілі болды.

"Алғашқы инстанция (сот сатысы) өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын шығарды. Бұл шешіммен біз келіспейміз және жазаны апелляциялық сотта жеңілдетуді талап ететін боламыз. Соттың нәтижелерімен барлық тарап танысты", - деп мәлімдеді Нұрмағамбетов.

Еске салсақ, Қазақстан азаматшасы Ақжарқын Тұрлыбай былтыр 3 наурыз күні Гуанчжоу әуежайында есірткі заттарды тасымалдады деген күдікпен құрықталған болатын. Бойжеткен Малайзияға ұшпақ болған. Туысқандарының айтуынша, Ақжарқынға оның таныстары сәнді киімдерді тасымалдау жұмысын ұсынған.

Айыпталған бойжеткеннің анасы қорғаушылардың қызметін төлеу үшін ірі несие алуға мәжбүр болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/787963-qytayda-20-zhastaghy-qazaqstandyqqa-omir.html