Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақ тойында өнер көрсететін шетелдіктердің қаламақысы қандай?

Опубликовано:

Қазақ тойында Қазақстанға келіп, жеңіл жолмен табыс тауып жүрген шетелдіктердің қарасы көбеюде. "Қазақтың әні мен күйіне ықыласы ауған қара нәсілділердің бір тойдан алатын қаламақысы қандай?" деген сауалға 31 арна жауап берді.

Қазақ тойларының сәнін кіргізіп, кәрі мен жасты теңдей билететін әндерді соңғы уақытта шетелдіктер орындауға құмартып жүр. Онысы былай тұрсын бар ақшасын тойға шашатын кең пейіл қазақтың ақшасына да ортақтасқысы  келеді.

Алғашында елімізге қонақ болып келген  "Син -Фронтера" тобының бүгінде қазақ той-бизнесінде айы оңынан туып тұр. Бір аптада 3-4 тойға барып үлгеретін дәрежеге жеткен. Кубада жолдары болмаған қара маржандар Қазақстанға келіп қалталарын қампайтып жүргендеріне 5 жыл. Той нарығында бәсекелестерінен басып озу мақсатында олар алғашында  Абай Бегейдің "Аспанға қараймын" әнін шырқаса, кейін ДосМұқасан тобының "Қайдасың" туындысын үйреніп алыпты. Қазір осы әндері үшін  тойда сұранысқа ие.

"Біз тек тойға ғана шығып қоймаймыз. Корпоративті кештер, клубтарда ән айтамыз. Ал тойға келетін болсақ, сұраныс көп. Тек Алматы ғана емес, Астана, Атырау, Ақтау қалаларына да  шақырып тұрады", - дейді Джой.

Қазақстанға келіп, жеңіл жолмен табыс тауып жүргендердің бірі Даниел Джейн. Қазақты таңқалдырудың түрлі амал тәсілдерін үйреніп алған Даниел бүгінде ұлттық аспаптың құлағында еркін ойнайды. Әкесі Нигериялық, анасы орыс, ал өзі қазақ азаматы. Бүгінде ол беташарды үйреніп жүр.

Бұрын тек күй тартып, ән айтқаны үшін 600 доллар алып келсе, енді оның қаламақысы екі есеге көбейді. Тұрақты жұмысы жоқ Даниелдің бар табысы қазақтың тойы.

"Бәрін білу керекпін. Халық туралы сондықтан маған бәрі қызық. Мен басында домбыра аспабымен ойнап бастағанмын сосын беташарды үйренуге қызығушылығым бар сондықтанда ойнап жатырмын", - дейді Даниел Джейн.

Әзірге той бизнесті жағалап бастаған шетелдіктердің тағы қандай салаға бет бұрары белгісіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/788908-qazaq-toyynda-oner-korsetetin-sheteld/

pixel