RU

Ақтаулық жеңіл жүрісті жігіт өз қызметін саудалай бастады

Жақында Ақтаудың 5 ықшамауданында тұрғындар жігіттің жыныстық қызметін ашық саудалаған жарнамасына кезікті. Ер кісі жарнамасын подъездің тура алдына іліп қойған.

Бұл туралы tumba.kz-ке сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

"Жиголо" деп басталатын хабарламада Арман есімді жігіт кез-келген еркелік пен арманды орындайтынын жазған.

Айта кетерлігі, жиголо сөзі бастапқыда жұптық билерде жалданып билейтін серіктес деген мағына беретін. Ал бүгінде бұл термин көбіне жыныстық қызмет ұсынатын жеңіл жүрісті ер кісілердің атауы ретінде қолданылып келеді.

"Олар өз қызметтерін интернет пен әлеуметтік желілер арқылы жарнамалауын қойып, ендігі халыққа тіклей жарнамалық парақшаларын ілу арқылы шығатын болыпты. Ұят емес пе? Мұны балалар оқуы мүмкін ғой. Мен өз балама "жиголоның" кім екенін қалай түсіндіремін?", - деп ренішін жасырмады тұрғындардың бірі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/788956-aqtaulyq-zhenhil-zhuristi-zhigitter-oz-qy.html