RU

Танымал актер Дастен Шәкіров шаңырақ көтерді

Өткен демалыста «Рэкетир 2» фильмнің басты жұлдыздарының бірі Дастен Шәкіров отбасын құрды.

Бұл туралы Comode.kz хабарлайды.

Еліміздегі арулардың арманы болған актердің үйлену тойы Алматыдағы «Алатау» шипажайының салтанат залында өткен.

Дастеннің таңдауы Ботагөз есімді аруға түскен.

Дастеннің үйлену тойында Максим Акбаров, Әсел Сағатова, Жандос Айбасов, Асылхан Төлепов сынды өнердегі достары болды.

Әзірге, Дастеннің қалыңдығы туралы қандай да мәліметтер жоқ. Актердің өзі отбасылық өмірін құпия ұстауға тырысуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/789306-tanymal-akter-dasten-shakirov-shanhyraq.html