RU

ОҚО-дағы ірі жол апатынан қаза тапқандар саны 13 адамға жетті

Оңтүстік Қазақстан облысында сейсенбіде шағын автобус пен жүк көлігінің соқтығысуы салдарынан қаза тапқандар саны 13 адамға жетті. Бұдан бұрын жергілікті БАҚ-тар 9 адам қаза тапты деп хабарлаған болатын.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Алматы-Шымкент трассасында жан түршігерлік жол апаты орын алды. Алматы республикалық күре жолында болған көлік апаты салдарынан оқиға орнында 9 адам көз жұмған еді.

Оның ішінде 9-12 жастағы бала мен 1976 жылы туылған ер адам бар. Соңғының Өзбекстан азаматы  екені анықталды. Өзгелерінің кім екені анықталған жоқ. Ауруханада дәрігерлер 4,6 және 7 жастағы үш баланың, үш ересек адамның өмірі үшін арпалысып жатыр деп хабарлады Қазақпарат.

Ауруханадағылар зардап шеккен 7 ересек адам түскенін айтқан. Алайда 4 адам алынған жарақаттардың ауырлығынан көз жұмып, жансақтау бөлімінде үш адам  өмір мен өлім арасында жатыр. Олардың барлығы ессіз күйде.

ОҚО ІІД баспасөз қызметінің басшысы Салтанат Қаракөзованың деректеріне сүйенсек, жеңіл жарақаттанған 1974 жылы туылған жүк көлігінің жүргізушісі ауруханаға жатқызылмаған. 1969 жылы туылған «Мерседес-спринтер» жүргізушісі Жамбыл облысында туылған.

Қаза тапқандардың барлығы - «Мерседес Спринтер» бағдарлы көлігінің жолаушылары.

"ІІД пультіне хабар шамамен 12.30-да келіп түскен. Mercedes Sprinter автомобилі мен Howо жүк көлігі бір бағытта кетіп бара жатқан. Howо ЖЖБ аумағында солға қрай бұрылған кезде, Mercedes Sprinter автокөлігінің жүргізушісі КамАЗ-ды басып озбақ болғанда онымен соқтығысып қалды", — деп хабарлады өңірлік ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

ОҚО ІІД-нің тергеушілері оқиға себептерін анықтау үстінде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/789530-almaty-shymkent-tas-zholynda-zhanturshig.html