RU

Өзбекстаннан Қазақстанға соғылатын қоңыраулар қымбаттайды

Өзбекстанда 2015 жылғы 1 шлдеден бастап телефондық және телеграфтық байланыс қызметтеріне тарифтер көтеріледі. Бұл туралы «Өзбектелеком» өзінің  ресми сайтында хабарлады.

Жергілікті, халықаралық, атап айтқанда, Қазақстанды қоса алғанда, Орталық Азия елдеріне қоңырау шалу қызметі қымбаттайды.

Қазақстанға қоңырау құны - минутына 30 теңге, Ресейге - 35 теңге, Еуропа елдеріне минутына 70 теңге болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/789874-ozbekstannan-qazaqstangha-soghylatyn.html