RU

Қазақстанда әр тоқсан сайын 10 мыңға жуық абонент стационарлық телефоннан бас тартуда

Қазақстанда әр тоқсан сайын 10 мыңға жуық абонент фиксациялық телефон байланысынан бас тартып отырады, деп хабарлады «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев.

«Бізде 4 млн-ға жуық үй қожалығы станционарлық байланысты пайдаланады. Ол расымен қысқарып келеді, өйткені адамдар арзан байланыс пен стационарлық телефон екеуінің біреуін таңдауды бастап жатқан кейбір өңірлерде олар көбірек ұялы байланысқа көшіп жатыр. Бұл орын алуда, сондықтан біздің компанияға сөйтуге тура келеді, сіздер білесіздер, біздегі қызметтер қоржынмен жүреді, біз стационарлық телефоннан бірден «Үйдегі мегалайн» ғаламтор қызметін ұсынамыз және сол кері ағынды тоқтатуға тырысамыз», - деді Есекеев сейсенбі күні журналистерге.

«Бір жыл ішінде ол 2%-ға азайып келеді, ал жыл басынан бері, егер бөлетін болсақ, бұл (фиксациялық телефон байланысы абоненттерінің санының азаюы – ҚазТАГ) орта есеппен бір тоқсанға 10 мыңға жуық абонентті құрайды», - деп толықтырды ол.

Қуанышбек Есекеевтің айтуынша, аталған үрдіс әлемдік байланыс операторларының барлығынан байқалуда.

«Сол себепті де бізге қызметтер қоржынын ұсынуға тура келеді, онда біреуде 3-еуі бар: телевидение де, ғаламтор да және фиксациялық телефон да», - деді компания басшысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/789985-qazaqstanda-ar-toqsan-sayyn-10-mynhgha-zhuy.html