Выйти
RU

«Экспоның» экс-басшысы Ермегияевқа қатысты жаңа дерек шықты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

«ЭКСПО»-дағы жемқорлыққа қатысты жаңа дерек шықты. «Астана Экспо 2017» ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Ермегияевқа аса ірі көлемде бюджет қаржысын жымқырды деген ресми айып тағылды.

Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

Бірақ сол мол ақшаның көлемі құпия ұсталып отыр. Ал лауазымды қызметінен алынған 46 жастағы Ермегияев изоляторға емес, үй қамаққа алынды.

Тағынан тайған шендінің элиталық пәтерінде басқан ізін тергеушілер аңдып отыр. Күдікті тергеуге кедергі келтірмесі үшін  телефонмен сөйлесуге, хат алмасуына тыйым салыныпты.

Тағылған «ірі көлемде қаржы жымқыру» бабы бойынша, «ЭКСПО»-ның экс-басшысы 12 жылға дейін сотталуы мүмкін. Ермегияевқа дейін халықаралық көрменің құрылысына жауапты болған Қажымұрат Үсенов тұтқындалған болатын.

Жантүршігерлік жол апатын жасаумен аты шыққан Мақсат Үсеновтың әкесі де қазір Астанадағы пәтерінде қамауда отыр.

Деректерге сенсек, Қажымұрат Үсенов Ермегияевтің байланысы бар компанияларға тендер ұтып беріп, бюджет ақшасын бірігіп жеген.

Жазылып, Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео, өзге де экслюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
«Экспоның» экс-басшысы Ермегияевқа қатысты жаңа дерек шықты