RU

ОҚО-да 13 адамның өмірін қиған апатқа кінәлі жүргізуші 10 жылға сотталуы мүмкін

Шымкент түбінде болған жол апатында 13 адамның қазасына себепкер болған «Мерседес-Спринтер» автокөлігінің жүргізушісі 10 жылға сотталуы мүмкін, деп хабарлайды BNews.kz.

 

«Әзірге аты-жөндері толық анықталып біткен жоқ. Анықталу үстінде. Сотқа дейінгі тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Жол апатына қатысты Қылмыстық кодекстің 345-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. ЖКО салдарынан келген жарақат ауырлығын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. «Мерседес-Спринтер» жүргізушісінің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Себебі ол жол жүру ережесін өрескел бұзып, бірнеше адамның өліміне себепкер болды», - деп хабарлады ОҚО ІІД баспасөз қызметінен.

Алайда «Мерседес-Спринтер» автокөлігінің жүргізушісі де жарақат алған өзге адамдармен бірге ауруханаға жеткізілген, қазір ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр.

2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап жол жүру ережесін өрескел бұзып, бірнеше адам өліміне себепкер болған жүргізушілерге қатысты жаза қатаңдатылған болатын.

Қылмыстық кодекстің 345-бабында көрсетілгендей, жекелеген айыппұлдардан бөлек, кінәлі адам 5 пен 10 жыл аралығында түрмеге тоғылытуы мүмкін, сондай-ақ белгіленген қызметін 5-7 жыл аралығында атқару құқығынан айырылады.

Естеріңізге сала кетейік, 16 маусымда таңғы 11.50 шамасында Шымкентке кіре беріс жолда «Мерседес-Спринтер» жүргізушісінің кесірінен жан түршіктірерлік жол апаты орын алды. Ол сол жақтағы жанармай құю стансасына бұрылғалы тұрған XOWO автокөлігін басып озбақ болған. «Мерседес-Спринтер» Тараздан Шымкент қаласына кіріп келе жатқан. 1969 жылы туған аталмыш көлік жүргізушісі, Жамбыл облысының тумасы ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр.

ЖКО салдарынан тағы 12 адам зардап шеккен. Арасында 9 ересек пен 4, 6 және 7 жастағы үш бала бар. Қазіргі уақытта қаза болғандар мен зардап шеккендердің аты-жөндері анықталып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/790182-oqo-da-13-adamnynh-omirin-qighan-apatqa-ki.html