RU

«Эйр Астана» Орталық Азияның үздік әуе компаниясы атанды

Ле-Буржедегі 51-ші Париж әуе-ғарыштық шоуының аясында өткен Skytrax World Airline Awards 2015 марапаттау салтанаты барысында «Эйр Астана» төртінші жыл қатарынан «Орталық Азия және Үндістанның үздік әуе компаниясы» атанып, 4 жұлдызды рейтингке ие болды.

Сонымен қатар ұлттық әуе тасымалдаушы «Орталық Азия және Үндістанның үздік қызмет көрсетуші әуе компаниясы» сыйлығымен үшінші рет марапатталды», деп хабарланған компанияның Фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Skytrax World Airline Awards әуе компанияларының қызметтеріне жолаушылардың қанағаттану деңгейін анықтайтын әлемдегі негізгі бағалау тәсілі болып табылады.

Skytrax сауалнама жүргізіп, қызмет көсетудің және қызметтердің негізгі түрлері, соның ішінде, жолаушыларды тіркеу, бортқа отырғызу, әуе кемесі салонының жайлылығы мен тазалығы, борттағы тағам мен сусындар сапасы, ойын-сауық жүйесі, бортсеріктердің қызмет көрсетуі сынды көрсеткіштер бойынша әуе компаниялар қызметінің сапасын бағалайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/790221-eyr-astana-ortalyq-aziyanynh-uzdik-au.html