RU

Жапонияда 18 жастан сайлауға қатысуға рұқсат етілді

Ел парламентінің жоғары палатасы жасы 18-ге толған барлық тұлғалардың дауыс беруіне құқық беретін заңды мақұлдады деп хабарлайды 24.kz.

Естеріңізге сала кетсек, осы кезге дейін Жапонияда 20 жастан асқан азаматтардың ғана сайлау құқығы бар еді. Жаңа заң дауыс берушілердің санын 2,4 млн адамға дейін арттырады.

Ал бұл елдегі саяси шараға қатысушылар саны сиреп тұрған кезде жақсы демеу болмақ, деп хабарлайды russian.rt. Жапониядағы кәмелетке толу жасы бұрынғысынша 20 жас болып қала бермек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/790421-zhaponiyada-18-zhastan-saylaugha-qatysugha-r.html