RU

Астанада жаппай төбелес орын алды

Астана қаласының "Артем" базары маңында полицейлер жаппай төбелесті тоқтатты. Бұл туралы Қазақстан жаңалықтарына сілтеме жасап NUR.KZ хабарлады.

Оқиға орнында болған куәгерлер жаппай төбелеске 10 шақты адам қатысқанын айтты. Жаға жыртысуға базардағы күзетші әйел мен қайыр сұраған үш балалы мүгедек тұрғынның арасындағы жанжал себеп болған.

Куәгерлердің айтуынша, оқыс жағдай сағат кешкі бестерде болған. Полицейлерге үш рет төбелеске қатысушыларды тарқатуға тура келген.

"Артем" базарының бірінші қабаты қиратылған", - деп мәлімдеді "Қазақстан жаңалықтары" агенттігіне куәгер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/790434-astanada-zhappay-tobeles-oryn-aldy.html