RU

Агата Кристи шығармаларындағы у қосылған тағамдарға арналған кітап шығарылады

Қыркүйекте дүниежүзілік әдеби қауымдастық детектив ханшайымы Агата Кристидің 125 жылдығын тойлайды. Оның барысында Агата Кристидің шығармаларында айтылған у қосылған тағамдардың рецептілері бар кітап жарияланатын болады деп хабарлады 24 kz.

Негізгі шаралар жазушының туған жері Британиядағы Торки қаласында өткізіледі. Аталмыш кітапты шығарған автор - Анна Мартинетти деп хабарлайды The Guardian. Ол осы ерекше жинаққа детективтердегі у қосуға ең қолайлы тағамдар рецептілерін енгізген.

Жазушы Мартинетти уланған тағамдар туралы тақырыпта қаламын кеңінен түртеді. Осыған дейін ол Шерлок Холмс туралы туындыдағы у қосылған тағамдарға арнап Alimentaire Mon Cher Watson кітабын шығарған еді. Жазушы кітапты ұсынып қана қоймай, Агата Кристидің асүйінде сол рецептілер бойынша бірнеше тағам да пісіреді. Бірақ, әрине, ол бұл жолы асқа ешқандай у қоспайды деп жазады rbc.ru.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/790761-agata-kristi-shygharmalaryndaghy-u-qosy.html