RU

Ертең мұсылмандар үшін қасиетті ораза айы басталады

Мұсылмандар сәрсенбіде кешке күннің батуымен қасиетті Рамазан айында ораза ұстауға кіріседі, ораза кезінде мұсылмандар астан, судан және ойын-сауықтан бас тартып, күн батқан соң ауыз ашады деп хабарлайды Қазақстан жаңалықтары.

Ғаламның жаратушысы, құдiретi күштi Алла Тағала екi аяқты пендесiнiң мойнына 5 парызды жүктеген. Сол парыздардың бiрi – ораза ұстау. Құран Кәрiмде: «Рамазан – адамдарға тура жол нұсқаушы, ақ пен қараны айырушы, бекем тұтынатын жолбасшы ретiнде Құран түсiрiле бастаған ай.

Сендерден кiм рамазан айында болса, ораза ұстасын. Кiмде-кiм науқас болып, әйтпесе, жолсапарда жүрсе, онда басқа күндерде өтесiн. Аллаһ сендерге жеңiлдiк болуын қалайды, ауырлық түсiргiсi келмейдi» дейдi (Бақара сүресi, 2/185).

Рамазан айы – Аллаһ Тағаланың ерекше ықыласы түскен, шарапаты мол, iзгi ниеттi iске сауабы көп, жыл он екi айдың ең қадiрлiсi. Исi мұсылман қадiр тұтатын қасиеттi Құранның алғашқы аяттары да Алла тарапынан рамазан айында түсiрiле бастаған. Сондықтан, Рамазан айы – Құранның, құлшылық пен тәуба, кешiрiмнiң айы.

Бiр ай бойы iшiп-жеуден ғана емес, өтiрiк-өсек айту, бiреудi сыртынан ғайбаттау, бейәдеп сөздер мен қылықтар сияқты адамгершлiк қағидаларына жат әдеттерден аулақ болу керек.

Сонымен қатар Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас муфти Ержан қажы Малғажыұлы Қазақстан мұсылмандарын Рамазан айының басталуымен құттықтады.

"Бізді осы қасиетті Рамазан айын қарсы алуға жазған Аллаһ Тағалаға мың бір мәрте алғыс. Сіздерді осы сауапқа толы Рамазан айының басталуымен құттықтаймын", — делінген құттықтау мәтінінде.

Бас муфти қазақстандықтарды Рамазан айында игі іс істеп, күнә жасамауға шақырды.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/790762-musylmandar-ushin-oraza-ayy-bastalady.html