RU

Ақтауда пара алған білім бөлімінің басшылары ұсталды

Ақтау қалалық білім бөлімінің бұрынғы басшылары тұтқындалды. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің қызметкерлері хабарлады.

1975 жылы туған Құрманбаев Нұрсұлтан Сатыбалдыұлы мен 60 жастағы Құрманғазиева Сабиқа Мұқанқызы лауазымдарын теріс пайдаланған.

Қос басшының үстінен Қылмыстық кодекстің 307-бабы бойынша іс қозғалды. Аталған азаматтар күні кеше кепілмен қамаудан уақытша босатылған.

«Мемлекетке келтірілген материалдық шығын көлемі анықталып жатыр. Тергеу амалдары жүргізілуі себепті бұдан басқа ақпарат жария етілмейді», - деді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің бөлім басшысы Ербол Жұмабай.

Тұтқындалған тұлғалар түрлі кезеңде Ақтау қалалық білім бөлімін басқарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/791354-aqtauda-para-alghan-bilim-bolimininh-ba.html