RU

Шотландия аралында соңғы елу жылдан бері алғаш рет ұрлық болды

Канна аралының жағалауында соңғы 50 жылда болмаған ұрлық жасалды. Бұл туралы epochtimes.ru хабарлайды.

Белгісіз біреулер мұндағы дүкеннен тәттілер мен жүннен жасалған 6 шляпаны жымқырып кетіпті. Бір өкініштісі, шляпаның әрқайсысы қолдан жасалып, сатуға енді ғана қойылған бойы екен.

Тонаушылар дүкенге есікті ашып, кедергісіз кірген. Себебі оның иесі дүкен есігін ешқашан құлыптамайды. Арал тұрғындарының бір-біріне сенгендігі соншалық, тіпті мұнда жергілікті балықшылар емін-еркін кіретін болған.

Олар ғаламтор желісін пайдаланып, дүкеннен керек-жарақтарын өз бетінше алып, тауардың ақшасын арнайы жәшікке салып кетіп отырған. Бұл аралда соңғы ширек ғасырда бірде бір рет ұрлық болмаған.

Ал осыған дейін соңғы рет тек 60-жылдары ғана шіркеуден ағаш тәрелке ұрланыпты. Жалпы Канна аралы Ішкі Гебрид аралдарының архипелагында орналасқан. Мұнда барлығы 30 адам тұрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/791458-shotlandiya-aralynda-sonhghy-elu-zhyldan-b.html