RU

Лондонда жас жігіт сүйіктісіне ұсынысты Times газеті арқылы жасаған

Лондонда заңгер жігіт өз ғашығына күнделікті Times газетінде жарық көрген кроссворд шешімі арқылы ұсыныс жасады деп жазады "Росбалт".

Мэттью Дик газет редакциясын кроссвордқа Will you marry me? ("Маған тұрмысқа шығасың ба?") жауабы берілетін сұрақты енгізуге көндірген, сосын тиісті сұрақтың астын сызып, кроссвордты ғашығы Делит Хьюзге шешуге берген.

Бойжеткен кроссвордты шешкен кезде ол неке жүзігін ұсыныпты.

Делит ұсынысқа қуана-қуана келіскені хабарланады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/791579-londonda-zhas-zhigit-suyiktisine-usyny.html