RU

Диетологтар: Салмағын түсіргісі келетіндерге сүйікті тағамдарын жеуге болмайды

АҚШ-тағы Дьюк университетінің зерттеушілері емдәм мәзірінде сүйікті тағамдар болмауы тиіс деген тұжырым жасады. Сүйікті тағамынан адам салмақ қосып алуы әбден мүмкін. Бұл туралы Росбалт жазады.

48 аптаға созылған жаңа зерттеуге 207 ерікті қатысқан, деп жазады Meddaily. 105 қатысушыға төмен көмірсутекті  және үлесі аз емдәмді таңдау ұсынылды. Олардың 58 пайызы емдәмнің бірінші түрін ұстауды, қалғандары екінші нұсқаны таңдады. Бұдан басқа, бұл еріктілер 12 аптадан кейін емдәмді ауыстырып алды. Қалған 102 қатысушыға мамандар емдәмдерді өздері таңдап берді. 52 пайызына төмен көмірсутекті емдәмді, қалған 48 пайызға - май үлесі аз емдәм ұстануын сұрады.

Мамандар емдәм түрін өздері таңдаған адамдар оны қатаң ұстанып, емдәм таңдап берілгендерге қарағанда көбірек салмақтарын арылады деп пайымдады. Екі топтың қатысушылары да топтық кеңестерге қатысып, мамандармен телефон арқылы хабарласып тұрған, кітаптарды және өзге де материалдарды пайдаланған. Осының барлығы оларға емдәмді ұстап тұруға көмектесті.

Зерттеудің соңына қарай, емдәм түрін өздері таңдаған еріктілер орташа есеппен алғанда 5,7 келіден арылған. Емдәмді зерттеушілер таңдап бергендер шамамен 6,7 келі тастаған. Алдыңғы зерттеулер егер дұрыс ұстаса, екі емдәмнің да тиімді екенін көрсетті. Алайда емдәм кезінде өзі ұнатпайтын тағамдарды  жейтін адамға артық салмақтан арылу оңайлау. Ал адамдар өздері ұнататын тамақтарды көбірек жеуге әуес.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/791666-dietologtar-salmaghyn-tusirgisi-kele.html