Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан әлем елдерінің бейбітшілік сүйгіштік рейтингінде 16 сатыға көтерілді

Опубликовано:

Қазақстан Экономика және бейбітшілік институты түзген әлем елдерінің бейбітшілік сүйгіштік рейтингінде 16 сатыға көтерілді.

2015 жылы Қазақстан рейтингте 162-нің ішінен 87-орынды алды, 2014 жылы 103-орында тұрған болатын. Армения 91-орынды иеленді, Түркіменстан - 106, Тәжікстан – 108, Өзбекстан – 113, Қырғызстан – 121, Әзірбайжан – 132, Украина – 150, Ресей – 152 сатыда.

Ең бейбітшілік сүйгіш елдер деп Исландия, Дания және Австрия танылды, тізімді Ауғанстан, Ирак және Шам тәмамдап тұр.

АҚШ бейбітшілік сүйгіштік рейтингінде 94-сатыға тұрақтады, Қытай – 124-ші орында.

Бейбітшілік сүйгіштік рейтингі 2007 жылдан бері «Адамзат келешектері» жаһандық жобасына дайындық аясында жыл сайын дайындалады.

Рейтинг зорлық-зомбылық қылмыстар, саяси террор, қару-жарақ қолжетімділігі, ішкі жанжалдар, мемлекетті милитарландыру және т.б. секілді көрсеткіштердің негізінде есептеледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/791981-qazaqstan-alem-elderininh-beybitshili/

pixel