RU

Қазақстанда жазғы демалыста қайда аттануға болады? (фото)

Жазда шетелге шықпай, елімізде демалыс өткізуді жоспарлап жүргендердің назарына YK-news.kz сайты Қазақстандағы ең танымал шипажайларды ұсынады.

Бурабай және Щучинск. Қалай жетуге болады?

Ақмола облысындағы көлдерді Қазақстанның маржандары деп атайды. Орталық Қазақстанның даласында көзтартарлық жасыл жазира орналасқан. Шипажай аймағы 14 көлден құралған. Ішіндегі ең танымалдары – Бурабай мен Щучинск.

Көптеген пансионаттар мен демалыс үйлері шомылудан бөлек сауықтыру қызметтерін ұсынады. Бұл өңірлердегі су мен шалшық адамның тыныс алу жолдарын, ішек-қарын жолын, туберкулез, жүрек пен қан тамырларын емдейді.

Бурабай көптеген жылдар бойы Қазақстанның экологиялық таза мекендері қатарында аталып келеді.

Астанадан Бурабайға дейінгі қашықтық – 250 шақырым. Вокзал қасындағы тұрақтан адам басына 2500 теңгеге такси жалдауға болады. Ал автобус құны – 1300 теңге. "Бурабай" шипажайы станциясына дейін шамамен 1000 теңгеге электричкамен де жетуге болады. Егер демалыс орны ұлттық мемлекеттік табиғи саябақ аймағында орналасса, тағы шамамен 200 теңге төлеуіңіз керек.

"Щучинский" шипажайы

"Бурабай" ұлттық мемлекеттік табиғи саябақ аймағында, Щучье көлі маңында орналасқан.

Тұру құны: тәулігіне адам басына 7,5 мыңнан 48 мың теңгеге дейін. Бұл ақының ішіне 4 рет тамақтану, ингаляция, спелеотерапия, парафин мен озокерит арқылы емделу, оттектік коктейль, бассейн, емдік денешынықтыру, диеталық терапия, емдік батпақ қабылдау, ванна (қылқанды, минералды, інжулі, йодобромды және теңіз тұзы қосылған) және өзге де қызметтер кіреді.

Қосымша ақшаға денені уқалау мен спа-емдерін қабылдауға болады. Шипажайда монша, жаттықтыру залдары, фитобар, видеозал, караоке мен дискотека жұмыс істейді.

Байланыс телефондары: 8 (71636) 9-03-21, 8 (71636) 9-03-22.

"Жасыл орман" (Зеленый бор) шипажайы

"Бурабай" ұлттық мемлекеттік табиғи саябақ аймағында, Щучье көлі маңында орналасқан.

Тұру құны: тәулігіне 9,5  мыңнан 57 мың тенгеге дейін. Бұл ақының ішіне 4 рет тамақтану, емдік қызметтер (үш тәуліктен артық қалатындарға), бассейн, батпақпен емделу, ингаляция, тұзды бөлме, денені уқалайтын төсек және өзге де физиоқызметтер кіреді.

Қосымша ақшаға сауна, дене уқалау, лимфодренаж, катамарандар мен қайықтарды жалдауға болады.

Байланыс телефондары: 8 (71636) 9-02-47, 8 (71636) 9-02-94.

"Арасан" демалу базасы

Бурбай көлінің жағасында, орман ішінде 2 қабатты бес база орналасқан.

Тұру құны: тәулігіне 6000 теңгеден бастап. 3 жасқа дейінгі балалар жеке төсек орнын қажет етпеген жағдайда, тегін орналастырылады.

Қосымша ақшаға велосипед пен квадроцикл жалдауға болады. Базада би алаңы жұмыс істейді.

Байланыс телефондары:  8 (7172) 701 499.

"Бай-бура" қонақүй кешені

Щучье көліне жақын жерде орналасқан.

3 қабатты ғимарат жанұялық демалыс пен корпоративтік демалысқа келетіндерге ыңғайлы етіп салынған. Әр нөмірде жеке санитарлық торап пен теледидар, ал люкс нөмірінде джакузи бар.

Тұру құны: тәулігіне 16 мыңнан 23 мың теңгеге дейін. Бұл ақының ішіне 3 рет тамақтану кіреді. Қосымша ақыға бөлмеге тағы бір тұрғынды кіргізу және автотұрақ қызметтері қарастырылған.

Байланыс телефондары:  8 (71630) 9-03-09.

Сарыағаш. Қалай жетуге болады?

Қазақстандағы ең танымал шипажай кешендерінің бірі – қазақ-өзбек шекарасына жақын орналасқан Сарыағаш кешені. Өткен ғасырдың ортасында жергілікті минералды бұлақтың қасынан емдік орталық ретінде ашылып, бүгінгі күнге дейін қызмет етуде. Сарыағаш минералды суды шығаратын зауыттың арқасында танымал болды. Жергілікті бұлақтар ішек-қарын жолдарына, жүйке жүйесіне, иммунитетке пайдалы деп саналады.

Сарыағашқа жету үшін Алматы арқылы өткен тиімді. Алматыға дейін поезд билеті шамамен 5 мың теңгеге айналады. Алматыдан Сарыағашқа дейін автобус қатынайды. Жолға 4 сағат уақыт кетеді, ал жету құны шамамен 2 мың теңге.

"Сарыағаш" емдік-сауықтыру кешені

Ең көне кешендердің бірі. Келес өзені маңында орналасқан. Кешен "стандарт" және "люкс" нөмірлері бар алты ғимарттан тұрады. Тамақтану, тұру және ем қабылдау қызметтері кіретін жолдама сатып алуға болады. Бұдан өзге тек ем қабылдауды ғана бөлек төлеуге болады.

Тұру құны: тәулігіне адам басына 7-ден 15 мыңға дейін. Құнына тамақтану, бальнео-, гидро-  және физио-терапия, зертханалық зерттеулер мен ЭКГ кіреді.

Қосымша ақшаға Түркістан, Арыстанбаб, Шымкент, Ташкент, Буқара, Самарқанд өңірлеріне, "Қапланбек" шарап зауыты мен "Әсем-ай" минералды су зауыттарына экскурсия қызметін, автотұрақ пен интернет жалдауға болады.

Байланыс телефондары:  8 (72537) 5-13-51, 5-13-11.

"Көктерек" шипажайы

Төртқабатты шипажайда "стандарт", "жартылайлюкс" және "люкс" нөмірлері мен фитобар, кинозал және балалар бөлмесі орналасқан.

Тұру құны: тәулігіне адам басына 15 мың теңгеден бастап. Алты жасқа дейінгі балаларға орын 1000 теңге тұрады. Алты жастан кейінгі балаларға тәулігіне 4000 мың теңгеге айналмақ. Ақының ішіне минералды ванна, душ, джакузи, физио-емдер, емдік денешынықтыру, жаттықтыру және кинозалы, бильярд пен бассейн кіреді.

Қосымша ақшаға дене уқалау, самырсын бөшкесі мен ине терапиясын алуға болады.

Байланыс телефондары: 8 (72537) 5-17-07.

"Жетысу" шипажайы

Шипажайда минералды судан тікелей құбыр жалғанған. Демалушыларға 5 рет тамақтану қарастырылған.

Тұру құны: тәулігіне адам басына 9 мыңнан 18,5 мың теңгеге дейін. Балалар үшін қосымша орын 1000-2000 теңге. Ақының ішіне минералды ванна, душ, парафинотерапия кіреді.

Қосымша ақшаға дене уқалау, ине терапиясы, косметология, тісті протездеу, УДЗ, скипидарлық ванны, монша, бильярд жалдауға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/791983-qazaqstanda-zhazghy-demalysty-qayda-ot.html