RU

Алматыда көзі ілініп кеткен жүргізуші көлігімен ағашқа соғылды

Алматының Медеу ауданында жол-көлік оқиғасы тіркелді. Мәлім болғандай, Құлжа күре жолымен шығыс жаққа қарай бағыт ұстаған «Тойотаның» жүргізушісі зардап шекті.

Бұл туралы «Алматы» телеарнасы «Куәгер» бағдарламасы хабарлайды.

Жол апаты куәгерлерінің айтулары бойынша, шетел көлігі қарама-қарсы бағыттағы жолға шығып, жол белгісін қағып кеткен. Артынша ағашқа келіп соғылды.

Әртүрлі деңгейдегі жарақаттармен жүргізушіні ақ халаттылар облыстық клиникалық аурухағана алып кеткен. Көлікті басқару кезінде жүргізушінің көзі ілініп кетуі мүмкін деген болжам жасалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/792078-almatyda-kozi-ilinip-ketken-zhurgizush.html