Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ОҚО-да бөлінген қаражатты уақытылы игере алмаған шенеуніктің қызметі төмендетілді

Опубликовано:

Оңтүстік Қазақстан облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары басқармаға бөлінген қаражат уақытылы игерілмегендіктен өз қызметінен төмендетілді.

Бұл туралы бүгін «Оңтүстік» ақпарат орталығында өткен брифингте Оңтүстік Қазақстан облыстық құрылыс басқармасының басшысы Күмісбек Орашев айтты, деп хабарлайды Bnews.kz.

«Өткен жылы облыстық құрылыс басқармасы бойынша қаржыландыру жоспары 65262,6 миллион теңге болған. Бұл қаражаттың 99,96 пайызы игерілді. Белгілі себептермен 21 миллион теңгеден астам қаржы игерілмей қалды», - дейді басқарма басшысы.

Басқарма басшысының дерегінше, игерілмей қалған қаражаттың әртүрлі себептері бар. Мысалы, 17 миллион теңге жобалық сметалық құжаттарды дайындау кезінде жасалған сараптамаға байланысты жұмсалмай қаған.

«Сараптама кезінде сарапшылардың өз талаптары болады. Жобаларда көрсетілген ескертулерді қалпына келтіруге уақыт кетеді. Яғни бұл қаражат уақытына байланысты игерілмей қалды деуге болады», - дейді ол.

Ал 21 миллионның 17 миллионнан бөлегі үнемделген қаражат екен.

«Бөлінген қаражаттың игерілуін әкімшілік жіті қадағалауда. Бұл бойынша басқарма басшысының орынбасары өз қызметінен төмендетілді», - дейді басқарма басшысы Күмісбек Орашев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/792227-oqo-da-bolingen-qarazhatty-uaqytyly-ig/

pixel