RU

Ресейлік фотограф Қазақстанда қаңырап жатқан шаттлдарды тапты (фото)

Ресейлік фотограф Ральф Майребс Қазақстан аймағынан ғарыш шаттлдары бар қаңыраған зымыран тұрағын тапты деп жазды шетелдік gizmodo.com сайты

Шаттл - North American Rockwell компаниясымен 1971 жылдан бастап шығарлыған америкалық ғарыш кемелері. Le Figaro-ның мәліметіне сәйкес, шатллдардың ғарыштық жобасы КСРО кезінде 1974 жылдан 1993 жылға дейін жұмыс істеп келген. Қаңыраған зымыран тұрағы Байқоңыр аймағында орналасқан.

Фотограф қолданыссыз қалған шаттлдарды көріп, өз блогына пікір қалдырған екен.

"Ғарышты игеруге миллиардтар не үшін жұмсалды, егер одан келешекте еш пайда болмаса?", - деп жазған өз блогында фотограф.

Майребс бұл экспонаттар ғарыш көрмесінде болуы тиіс деген ойда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/792324-reseylik-fotograf-qazaqstanda-qanhyr.html