RU

Ораза қандай жағдайда бұзылмайды?

Оразаны не бұзбайды? Бұл сұраққа жауап табу үшін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төмендегідей пәтуаны ұсынады.

1. Ұмытып ішіп-жеу оразаны бұзбайды. Бірақ ұмытқан адам есіне түскен кезде жеуді дереу тоқтатуы керек;

2. Аузына келген қақырықты жұту;

3. Түкірік немесе мұрынды тарту арқылы бір нәрсенің тамаққа кетуі;

4. Құлаққа су кіру, бұлық ағу;

5. Темекі түтіні немесе топырақ, шаң, ұнның тозаңы, қардың ұшқыны, жауынның тамшылары тамаққа еріксіз кірсе, ораза бұзылмайды;

6. Тістердің арасында қалған тамақ қалдықтары ноқаттан кішкене болса, оны жұту оразаны бұзбайды;

7. Еріксіз ауыз толы құсу немесе оның ішке қайта кетуі оразаны бұзбайды;

8. Қан алдыру немесе сүлік салдыру;

9. Көзге, құлаққа дәрі тамызу;

10. Мисуак немесе тіс пастасын қолдану оразаны бұзбайды. Бірақ пастасы ішке кетіп қалса бұзылады. Ең абзалы таң намазы кірмей тұрып тістерді жуу;

11. Тіс жұлдыру оразаға кедергі жасамайды. Бірақ жұлдырған уақытта ауыздағы қанды яки дәріні жұтпау шарт;

12. Ауыз бен мұрынға су алып шайқау оразаны бұзбайды. Бірақ тамаққа кетпеуін қадағалау қажет;

13. Душқа жуыну, теңізге, көлге түсу оразаны бұзбайды. Бірақ су жұтып қоюдан сақтануы керек.

14. Ұйқыдан жүніп болып ояну;

15. Әйелін сүю немесе денесіне қолын тигізуі. Мұндай жағдайларда егер мәни шықпаса, ораза бұзылмайды;

16. Әйеліне қолын тигізбесе де оған қараудан немесе шәһуәтын қоздыратын жағдайларды ойлап мәни шықса;

17. Түнде жүніп болып, ғұсыл алуды сәресі уақытынан кейінге қалдыру.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/792450-oraza-qanday-zhaghdayda-buzylmaydy.html