RU

ОҚО-да жаппай тәртіпсіздікке себеп болған кісі өліміне қатысты сот аяқталды

Сот Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданындағы биылғы ақпан айындағы кісі өліміне кінәлі деп танылған Навмидин Нарметовті 18 жылға түрмеге кесті.

Сот үкімі бойынша ол жазасын қатаң режимдегі түрмеде өтейтін болады. Навмидин Нарметов айыбын толық мойындайтынын айтқан.

Сот басрысында мемлекеттік айыптаушы судьядан айыпталушы Навмидин Нарметовке өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын сұраған.

Айыпталушы Навмидин Нарметовтың үстінен Қылмыстық кодекстің 99 бабы 2 бөлігінің 3,5,8 тармағы, 188 баптың және 100 баптың, сондай-ақ,  392 баптың бірінші бөлігі  бойынша кісі өліміне айыпты деп табылып, үстінен іс қозғалып отыр.

2015 жылы ақпанның 4-іне қараған түні Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы Бостандық ауылына жақын маңда Бақытжан Артықовтың мәйіті табылған.​ Осы оқиғадан кейін Ынтымақ пен Бостандық ауылдарында жаппай тәртіпсіздік орын алды.

Тергеу барысында марқұмның өліміне көршілес Бостандық ауылының тұрғыны Навмидин Нарметов күдікті деп танылып, ұсталған.

Облыстық ішкі істер департаменті "деректер бойынша, кісі өліміне Нарметовтің Артықовтың жылыжайын жалға алуына байланысты туындаған дау себеп болған" хабарлаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/792750-oqo-daghy-yntymaq-auylynynh-turghynyn-ol-2.html