RU

Қытайда 280 тонна күйдіргіш сода тиелген кеме аударылып қалды

Мамырдың 18 күні Чаңжяң (Chang Jiang) өзенінде 280 тонна каустикалық сода тиеген кеме төңкеріліп қалды деп хабарлайды Синьхуа агенттігі.

Няньжин қалалық өзен тасымалы құтқару бөлімі оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Оларға теңіз тасымалының арнайы құтқару бөлімі көмекке келген.

Тайжоу қаласынан Хефейға бағыт алған жүк кемесінде 2 жүргізуші болған және 280 тонна каустикалық сода (натрий гидрооксиді) тиелген болып шықты. Каустикалық сода – химия өнеркәсібінде көп қолданатын улы сұйықтық. Оның өзенге төгілгені туралы нақты ақпарат жоқ.

Жергілікті ақпарат құралдарының жазуынша арнайы мамандар оқиға орнынан алған су құрамасынан сынама алған. Сонымен қатар су тазартушы құрылғы да апат болған жерге жіберілді.

Бұдан бөлек кеме жанармайының өзенге төгілуі мамандарды аландатып отыр. 2 жүргізуші іздестіріліп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/792776-qytayda-280-tonna-kuydirgish-soda-tielgen.html