RU

Алматыда Орталық мешітте ауызашарға ең үлкен дастархан жайылды (фото)

Оразаның бірінші күні Алматыдағы барлық мешіттерде ауызашар берілді. Ең үлкен дастархан Орталық мешітте жайылды. 400-ге жуық адамды тамақтандыруға арналған ауызашарға NUR.KZ тілшісі де барып қайтты.

Бұл мешітте бір ай бұрын ниетті азаматтар оразаның отыз күнін бөлісіп алыпты. Яғни ауызашар өткізуге кезекке тұрып қойған. Дастарханға қойылатын жеміс-жидектен бастап, сусын, ыстық тамақты да өздері ұйымдастырады. Яғни аспазшы шақыртып жамағатқа ниеттенген асын пісіртеді.

Мешіт қызметкерлері соны үйлестіріп, қызметте болады екен. Осыған орай, діни басқарма арнайы шатыр да тіктірген.

Ақшам намазын жамағатпен оқыған мұсылмандар бірден дайын тұрған дастарханға жайғасты. Бас-аяғы бір сағаттың ішінде күні бойына нәр татпаған кісілер ыстық ас пен шай, түрлі тағамдардан ауыз тиіп, оразасын ашып алды. Әрине орталық мешіттегі ауызашардан дәметіп келген жағдайы нашар жандар да көп болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/793134-400-ge-zhuyq-adamdy-tamaqtandyrugha-arnalgh.html