RU

ОҚО-да жауапсыз махаббат үшін жас спортшы суға батып өлді

Оңтүстік Қазақстан облысында 15 жастағы спортшы суға кетті. Оқиға күндізгі сағат 11 шамасында болған.

Бұл туралы ТВК арнасы хабарлайды.

Байдаркада ескек есу спортымен шұғылданған Евгений Бадам суқоймасында өзіне қол жұмсаған. Ол мінген қайық белгісіз себептермен суға аударылып кетті. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, кәсіби түрде спортпен айналысқан жасөспірім жағаға шығуға талпынбапты.

Құтқарушылар оқиға орнына дереу жетіп, спортшыны судан шығарып алады. Алайда, ауруханаға жеткенше жасөспірім көз жұмды.

Бапкерлердің айтуынша, жігіт өзінің сүйікті қызына өмір сүргісі келмейтінін, өлгісі келетінін айтып СМС хабарлама жолдаған.

Әзірге төтенше жағдайлар жөніндегі облыстық департамент жасөспірімнің өлімі туралы толыққанды ақпарат берген жоқ.

Ал қайғылы оқиғадан бір жарым сағат бұрын спортшы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында достарымен қоштасқан.

«Барлықтарыңыз мені алмастыратын адам таптыңыздар. Рахмет. Барлықтарыңыз бақытты болыңдар...», - деп жазба қалдырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/793563-oqo-da-15-zhastaghy-sportshy-sugha-ketip-koz.html