RU

Қайрат Нұртаста тағы қандай қымбат көліктер бар? (фото, видео)

Танымал қазақстандық әнші Қайрат Нұртас құны $298 мың тұратын Bentley Continental GT көлігін сатып алғаны көпшілікке белгілі. Automag.kz сайты әншінің гаражындағы басқа да көліктер жайында материал дайындады.

Әнші көлік ала сала, сүйінші етіп, өз Instagram парақшасына фотосын жүктеген болатын. Әншінің жанкүйерлері бұл фотоға сан-түрлі пікір де қалдырып үлгерді.

Бірі қуанышына ортақ екенін байқатса, екіншілері әншінің бұл әрекетін (әлеуметтік желілерде жариялау - ред.) бұрыс санайтынын жасырмаған.

Қайрат Нұртастың қымбат көліктерге әуес екені таңсық емес. Оның иелігінде Bentley-ден өзге Lexus LX570 пен қара Gelandewagen көліктері бары белгілі. Әнші Lexus LX570 көілігімен Астанада жиі байқалып жатады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/793817-qayrat-nurtas-qymbat-koligin-el-nazar.html