RU

Ақтөбеде алты ай бойы ес-түссіз жатқан 9 жасар оқушы көз жұмды

Ақтөбеде алты айдан бері ес-түссіз жатқан екінші сынып оқушысы көз жұмды.

Бұл туралы Актобе таймс басылымына сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Екінші сыныпта оқитын 9 жастағы Дания 13 қаңтар күні анасымен бірге «Пивоваров» мейрамханасында ескі жаңа жыл мерекесін атап өтуге келген.

Сол күні мейрамхана ішінде ойнап жүрген оқушы қыз сатыдан құлап, басынан ауыр жарақат алған. Облыстық балалар клиникалық ауруханасына жеткізілген Дания жарты жылдан бері ес-түссіз жатып, 10 маусым күні қайтыс болды.

Қыздың қалай құлап қалғанын мейрамханадағылардың ешқайсысы да байқамаған. Дәрігер Жасқайрат Сатаевтың айтуында, оқушы қыз екінші қабаттағы сатыдан басымен құлапты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/794073-aqtobede-alty-ay-boyy-es-tussiz-zhatqan-9.html