Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдан Қапшағайға пойызбен баруға болады

Опубликовано:

Алматы мен Қапшағай арасы жақындай түсті! Енді екі қала арасында пойызбен де қатынауға мүмкіндік бар. 5 вагон тіркескен пойыз жолға шықты деп хабарлайды КТК арнасы.

Оның 4-уі купе, біреуі отырып баруға арналған. Егер жолаушылар саны артып жатса, вагон саны артпақ. Пойыз «Алматы-1» вокзалынан Қапшағай бекетіне таңғы 6-дан кешкі 10 аралығында қатынайтын болады. Тәулігіне 4 мәрте.

Мұндай пойыз алдағы уақытта Талғар, Есік және Қаскелең бағаттарында да шығады деп жоспарланған.

"Қапшағайда қазір жол жөнделіп жатыр. Туристер көп қиыншылық көріп жатыр. Соған компаниямыз ақылдасып, осындай пойыз керек болғанын көріп, ашып отырмыз. Бүгіннен бастап, 4 рет барады. Ары-бері", - дейді «Тұран-Экспресс» компаниясының бас директоры Роман Ботабеков.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/794458-almatydan-qapshaghaygha-poyyzben-barugh/

pixel