RU

Ақтауда ер кісі жолдастарының көз алдында теңізге батып кетті

Ақтау қаласында ер кісі жолдастарының көз алдында суға батып кетті деп жазды құқық қорғау органдарына сілтеме жасап lada.kz.

Ажал құшқан 33 жастағы ер адам Ақтаудағы 26-шы шағынауданның тұрғыны болған. Оның екі досымен бірге облыс орталығының 4-ші шағынауданындағы 7-ші үйге қарсы бетте теңізде демалғаны хабарланып отыр.

Теңізге жалғыз өзі шомылған ол қас-қағым сәтте суға батып кеткен. Мұны көрген достары полиция қызметіне хабарласқан.

Құтқарушылардың ұйымдастырған жедел-іздеу шараларының барысында ер адамның мүрдесі табылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/794880-aqtauda-er-kisi-zholdastarynynh-koz-ald.html