RU

Дәрігерлер 150 жастағы тасбақаны дәрілеп ұйықтатып тастады

Сан-Диего хайуанаттар бағының ветеринарлары зообақтың ең көне тұрғыны - галапагос тасбақасын дәрілеп ұйықтатып тастады.

Хайуанаттар бағының қызметкерлерінің айтуынша, 150 жастағы хайуанның денсаулығы соңғы кездері күрт нашарлап кеткен. Ол артрит сияқты көптеген аурулармен сырқаттанған, деп жазады korrespondent.net.

Ветеринарлар оған дәрі-дәрмек, сумен емдеу, физиотерапия, тіпті акупунктураны да қолданып көрген. Десек те, дәрігерлер ем дарымаған 1865 жылы туылған галапагос тасбақасын дәрілеп ұйықтатып тастау керек деген шешімге келеді.

Айта кетейік, аталған зообақта тағы 13 галапагос тасбақасы бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/795038-darigerler-150-zhastaghy-tasbaqany-darile.html