RU

Литвада ешкілердің арасында сұлулық сайысы өтті

Литваның Рамигала ауылында ешкілердің сұлулық байқауы өтті. Бұл сайыс биыл алтыншы рет ұйымдастырылып отыр.

Осы жылғы байқау Рамигала ауылының құрылғанына 645 жыл толуына арналған. Ең әдемі деген атақ үшін 7 ешкі таласты.

Ақыры Марсе есімді аша тұяқты «Рамигаладағы ең сұлу ешкі» атанып, жеңіске жетті. Айта кетейік, ешкі бұл ауылдың орта ғасырдан бергі символы.

"Байқауға дайындалу қиындық тудырмады. Менің ешкім үйде бәрін жасайды. Үйге келіп көрсеңіз болады. Кедергілерден секіреді, «биле» десем билеп береді", - дейді жеңімпаз ешкінің иесі Савериджа Доброволскиене.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/795149-litvada-eshkilerdinh-arasynda-sululyq.html