RU

"Барыстың" бас бапкері Ресей командасын жаттықтыратын болды

Құрлықтық хоккей лигасында өнер көрсететін Қазақстан ұлттық құрамасы мен "Барыстың" тізгінін қатар ұстап жүрген Андрей Назаров Қазақстаннан кетіп, Ресей командасын жаттықтыратын болды.

Бұл бапкер жақында ғана "Гагарин" кубогын ұтып алған Санкт-Петербуртың СКА клубын жаттықтырады. Келісімшарт екі жылға жасалды.

Ал СКА-ны чемпиондыққа жеткізген Вячеслав Быков отбасылық жағдайына байланысты бапкерлік қызметінен кетті.

Андрей Назаров сәуір айында Қазақстан ұлттық құрамасын әлем чемпионатының элиталық кезеңіне алып шыққан соң, келісімшартты ұзарту туралы сөз қозғалған еді. Алайда 41 жастағы маман СКА командасының ұсынысын қабыл алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/795371-barystynh-bas-bapkeri-resey-komandasy.html