RU

Отандық саясаткерлердің қыздары (фото)

Танымал адамдардың балалары ел назарын аударуда ата-аналарынан кем түспей жататын кездер болады. Назарларыңызға қазақстандық танымал саясаткерлердің ел аузында жүрген қыздарының тізімін Comode.kz-ке сілтеме жасай отырып ұсынамыз.

Айнұр Тұрысбек

Әкесі: Қазақстанның Украинадағы елшісі Зауытбек Тұрысбеков.

Айнұр сән әлеміне келмес бұрын өзін заң мен кәсіпкерлік салаларында сынап көрді. 32 жасында Айнұр философия докторы дәрежесін алып, үш баланың анасы атанды. Кейінірек ол өзінің модель болу туралы бұрынғы арманын жүзеге асыруға кіріседі. Қазақстандық сән апталығында Айнұр "Үздік жыл дебюті" номинациясын ұтып, Украинаның Киев қаласында өз коллекциясын назарға салды. Айнұр Тұрысбектің киімдері өзіндік стилімен ерекшеленеді. Көбіне қара түсті табиғи маталардан тігілетін кимідерден бөлек Айнұр өз үлгілерімен аяқ-киімдер шығарады.

Әсел Тасмағамбетова

Әкесі: Қазақстанның Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов.

Кәсіпкер Кеңес Рақышевтің әйелі әрі Иманғали Тасмағамбетовтің қызы соңғы кезде жабық кештерде сирек көрініп жүр. Әселді сән әлемінен гөрі қайырымдылық шаралар мен эко-бизнес қызықтырады. Бойжеткен Telli био-бутиктер желісін басқарып, Қазақстанда алғаш рет гомеопатиялық дәріхана ашты. Әсел қайырымдылықпен шұғылданып, мүмкіндігі шектеулі жандарға бағдарламалар ұсынады.

Софья Тасмағамбетова

Әкесі: Қазақстанның Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов.

Қазақстанның Қорғаныс министрінің екінші қызы Софья саясаттың орнына сурет өнеріне бет бұрды. Жақында Абай атындағы Опера және балет театрында "Ұлан-ғайыр даланың аңыздары" атты спектакльде қоюшы суретші болды.

Құралай Нұрқаділова

Әкесі: марқұм болған қоғамдық, саяси тұлға, Алматы облысының бұрынғы әкімі әрі Төтенше жағдайлар агенттігінің экс-төрағасы Заманбек Нұрқаділов

Құралайдың отбасы оған кімнің қызы екенін көпшілікке жария етуге тыйым салған.  Дизайнерлік салада Құралай тек өз есімін пайдаланып, өзінің жеке сән үйін ашты. 1994 жылы Алматыда алғаш болып ашылған Kuralai сән үйі бүгінгі нарықта өз орнын сайлап үлгерген.

Меруерт Ибрагим

Әкесі: Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев.

Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың қызы Qazaq banki акционері Бақыт Ибрагимге тұрмысқа шығады. Меруерт Алматыда өзінің  Buro24/7 сән порталын ашып алды. Лондонда білім алған Меруерт Алматыда ресейлік сән журналдарының қазақстандық нұсқасын ашуға септігін тигізген.

Надира Бақыт

Әкесі: Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев.

Бақытжан Сағынтаевтың кіші қызы Надира бүгінде 23 жаста. Ол сән әлемінде өз орнын сайлап, Instagram әлеуметтік желісінде көптеген жазылушылар жинап үлгерген. Күнделікті қымбат киімдері мен аксессуарларын ел назарына салып отырады.

Карина Сәрсенова

Әкесі: "Маңғыстаумұнайгаз" акционерлік қоғамы бақылаушы кеңесінің төрағасы Рашид Сәрсенов.

Карина Сәрсенова – ақын, жазушы, сценарист әрі продюсер. Карина Қазақстан, Ресей мен Қытайда 17 кітабын жарыққа шығарған. Карина - Еуразиялық әдеби премияның лауреаты, халықаралық "Золотое перо Руси" премиясының лауреаты, интеллектуалды әдебиет халықаралық фестивалінің қатысушысы, Ғылым және бизнес интеграциясы академиясының мүшесі.

Жәмилә Әбілова

Әкесі: "Азат" демократиялық партиясының бұрынғы төрағасы Болат Әбілов.

Жәмилә Әбілова – танымал саясаткер, меценат әрі бизнесмен Болат Әбіловтың қызы. Жәмилә Boulevard журналын шығарумен айналысады. Ал өткен жылы Mercedes-Benz Fashion Week Almaty кешінің негізін қалаушылардың бірі атанды. Қазірде Жәмилә — Алматыдағы Saks универмаг VIP-клубының директоры. Жәмилә ұзақ жылдар Лондонда оқып келді. Әнші Рахат Тұрлыхановқа тұрмысқа шыққан. Бүгінде Рахатпен бірге Алматыда тұрады. Екі ұл мен бір қызы бар.

Айжан Есімова

Айжан – қазақстандық қалталылардың кештеріне жиі қатысып отырады. Есімова "АТФ банкінің" иегері Ғалымжан Есеновке тұрмысқа шыққан. Ғалымжан 2000 жылдың басында "Сеймар" инвестициялық тобын басқарып, 2013 жылда "АТФ банкі" директорлар кеңесіне төрағалық етті. Екеуінің жеке өмірі толық құпияда сақталуда. Тек ортақ ұл тәрбилеп отырғандары ғана белігілі.

Айнұр Мәми

Әкесі: Қазақстан жоғарғы сотының төрағасы Қайрат Мәми.

Қазақстан жоғарғы сотының төрағасы Қайрат Мәмидің қызы Айнұр қайырымдылық шараларға қатысып тұрады. Жақында Айнұр онкологиялық аурумен сырқаттанатын балаларға арналған Californication Home атты қайырымдылық кешін ұйымдастырушылардың бірі болды. Айнұр қоғам және мемлекет қайраткері, "ҚазАтомӨнеркәсіп" төрағасы Асқар Жұмағалиевке тұрмысқа шыққан. Олардың ортақ ұлдары бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/795681-tanymal-qazaqstan-sayasatkerlerininh.html