RU

"Рэкетир" фильмінің актері арықтаудың сырымен бөлісті

Көпшілікке "Рэкетир" фильмі арқылы танылған актер Мұрат Бисембин таяу уақытта арықтауының құпиясын ашпақшы. Бұл мәліметті ол өзінің Facebook парақшасы арқылы хабарлап отыр.

Бисембин әлеуметтік желіге өзінің екі суретін салған. Бірінде оның салмағы 158 келі тартса, екіншісінде 95 келі тартатын кезі түсірілген.

"Менің трансформациям. Сол жақта 158 келі, оң жақта 95 келі. Осындай салмаққа жету үшін мен көп еңбектендім. Таяу арада осындай нәтижеге қалай жеткенім туралы кез-келген адамға сұхбат беруге дайынмын , "- деп жазады актер.

Өзінің айтуынша, мұндай нәтижеге ол екі жыл ішінде қол жеткізіпті.

Айта кетейік, Мұрат Бисембин ресейлік «Параграф78» фильмі мен режиссер Ақан Сатаевтың "Рэкетир" және "Ағайынды" фильмдерінде басты ролдерді сомдап, көрермендер арасында танымалдылыққа ие болды.

Әсіресе, ол «Рэкетир» фильміндегі басты кейіпкер Русланның ролін сәтті сомдағаннан кейін көпшіліктің ықыласына бөлене білді.

Мұрат Бисембин актерліктен бөлек түрлі спорт түрлерімен, атап айьқанда: бокспен, ауыр атлетикамен, бодибилдинг және пауэрлифтингпен шұғылданады. Оның негізгі мамандығы – инженер-электрик. Алайда, алып денесінің арқасында кино әлеміне келіп, бірнеше басты рөлдерді сомдап шықты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/795854-reketir-filmininh-akteri-aryqtaudynh.html